Акар әзербайжандық әріптесімен сөйлесті

Хасанов Акарға шекарада болған дағдарысқа байланысты мәлімет берді, Арменияның айтақтауларына қатаң тойтарыс берілгенін айтты.

1734789
Акар әзербайжандық әріптесімен сөйлесті

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар мен Әзербайжан Қорғаныс министрі Закир Хасанов Армения шекарасында асқынған дағдарысты кеңесті.

Әзербайжан Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде Акар мен Хасановтың телефонда сөйлескені білдірілді.

Хасанов Акарға шекарада болған дағдарысқа байланысты мәлімет берді, Арменияның айтақтауларына қатаң тойтарыс берілгенін айтты.

Хулуси Акар әрқашан болғанындай, Түркияның Әзербайжанның қасында болатынын білдірді.

Армения армиясы шекарадағы кейбір биік өңірлерді қолға түсіріп, ыңғайлы бекіністер дайындау мақсатымен 16 қараша күні жергілікті уақыт бойынша сағат 11-де Лачин мен Кельбаджар бағытында операция бастаған. Шабуылда Әзербайжанның екі әскері жараланған болатын.

Әзербайжан армиясы осы бағытқа операция ұйымдастырып, шабуыл жасаған Армения әскерлерін ұстаған еді.



Ұқсас жаңалықтар