Қазақстан Түркия тәжірибесін үйренеді
Асқар Мамин елде салынатын 20 заманданған аурухана үшін Түркияның тәжірибесінен пайдаланатындарын айтты.

Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин елде салынатын 20 заманданған аурухана үшін Түркияның тәжірибесінен пайдаланатындарын айтты.
Асқар Мамин баспасөз жиналысында елдегі денсаулық сақтау секторына байланысты мәлімдемелер жасады.
Жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індеті кезінде ел көлемінде қысқа уақытта 18 аурухана салғандарын айтқан Мамин:
"Қазақстанда 20 заманданған аурухана салуды жоспарлаудамыз" деді.
Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин осы саладағы заманданған аурухаларды салуда маңызды жұмыстар жасаған Түркияның тәжірибесін зерттегендерін білдіріп:
"Түркияға сапарым кезінде заманданған аурухаларды араладым. Біз де осындай ауруханаларды қызметке ұсынамыз. Қазір елімізде Түркия үлгісіндегі мемелкет пен жеке ынтымақтастығымен бірнеше аурухана салынып жатыр" деді.
Ұқсас жаңалықтар

Ильхам Әлиев Вахит Киришжині қабылдады.
Түркия Ауыл және орман шаруашылығы министрі Вахит Киришжи Бакуде.

Қазақстан-Түркия қарым-қатынасы жоғары деңгейде
Ақорданың баспасөз қызметі Қазақстан-Түркия қарым-қатынасын сандармен сөйлетті.