Түркі әлемінің мемлекет басшылары бас қосады

Түрік Кеңесінің мемлекет басшылары 8-ші саммиті бүгін Стамбұлда ұйымдастырылады.

1733072
Түркі әлемінің мемлекет басшылары бас қосады

Түрік Кеңесінің мемлекет басшылары 8-ші саммиті президент Режеп Тайып Ердоғанның үй иесі болуымен бүгін (12 қараша күні) Стамбұлда ұйымдастырылады.

«Сандық дәуірдегі Жасыл технологиялар және ақылды қалалар» тақырыбымен ұйымдастырылатын саммитке Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев және бақылаушы ел Венгрияның премьер-министрі Виктор Орбан қатысады. 

Түрікменстан президенті Құрбанқұлы Бердімұхаммедов та бақылаушы мүше мәртебесімен Кеңеске алғаш рет Түрікменстан атынан қатысады.

Саммитте лидерлер тығыз күн тәртіппен кездесулер өткізеді, ұйымның болашағына байланысты маңызды тақырыптарда шешімдер қабылданады.

Кезекті төрағалық міндетінің Әзербайжаннан Түркияға өтетін саммитте ынтымақтастықтың әр салада тіпті кеңейтілуіне байланысты тақырыптар қолға алынады.

Президент Режеп Тайып Ердоған саммит аясында әріптестерімен кездеседі.

 



Ұқсас жаңалықтар