Түрік Кеңесі мүше елдері Африкаға вакцина тарту етеді

Түрік Кеңесі мүше елдерінен Түркия, Әзербайжан және бақылаушы ел Венгрия Африка елдеріне вакцина жағынан жәрдем беретінін білдірді.

1732688
Түрік Кеңесі мүше елдері Африкаға вакцина тарту етеді

Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесіне (Түрік Кеңесі) мүше елдерінен Түркия, Әзербайжан және бақылаушы ел Венгрия Африка елдеріне вакцина жағынан жәрдем беретінін білдірді.

Түрік Кеңесі Мемлекет басшыларының VIII саммиті қарсаңында Бас хатшы Бағдат Әміреев пен Венгрия Сыртқы істер және Сыртқы Сауда министрі Петер Сийярто Стамбұлда Долмабахче жұмыс офисінде ортақ баспасөз жиналыс өткізді.

Сийярто жаңа типтегі коронавирус (Ковид-19) індетінің төртінші толқынының келуімен адамдардың вакцинаға тіпті мұқтаж екенінің жарыққа шыққанын айтты.

Мемлекетінде жеткілікті вакцинаның болғанын және басқа елдерге жәрдем беретін жағдайда екенін білдірген Сийярто "Африка елдері вакцина салдарынан қатты қиыншылық шегуде. Сондықтан Венгрия ретінде Кеңеске мүше елдермен бірге жәрдем беруге дайынбыз" деді.

Бас хатшы Бағдат Әміреев  Түркі әлемінің басты ұйымы ретінде Африка елдеріне жиыны 511 мың доза вакцина жіберуге шешім жасағандарын баяндады.

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар