Армения әскерлері Әзербайжан әскерлеріне оқ атты

Мәлімдемеде Әзербайжан әскерлерінің қайтарма соққы бергені хабарланды.

1731636
Армения әскерлері Әзербайжан әскерлеріне оқ атты

Армения әскерлері Әзербайжан-Армения шекарасындағы Келбеджер бағытында жол жөндеп жатқан Әзербайжан армиясына қарасты көліктерге оқ атты.

Әзербайжан Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде Келбеджер уәлаятының  Еллице ауылы бағытында жол жөндеп жатқан көліктеріне Басаргечер уәлаятының Жоғарғы Шоржа ауылындағы Армения базасынан оқ атылғаны білдірілді. 

Мәлімдемеде Әзербайжан әскерлерінің қайтарма соққы бергені хабарланды.

Мәлімдемеде аймақтағы жағдай Әзербайжан жасақтарының бақылауында екені және  Әзербайжан әскерлері арасында жан шығыны болмағаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар