Тоқаев 29 Қазан Республика мерекесімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтауында Түркияның саяси, экономикалық, мәдени және гуманитарлық салаларда үлкен табыстарға жеткенін білдірді.

1726604
Тоқаев 29 Қазан Республика мерекесімен құттықтады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев президент Режеп Тайып Ердоғанды 29 Қазан Республика мерекесімен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтауында Түркияның саяси, экономикалық, мәдени және гуманитарлық салаларда үлкен табыстарға жеткенін білдірді.

Түркияның аймақтық және халықаралық мәселелерді шешудегі белсенділігі мен жігері арқылы халықаралық аренада мықты орын иелегенін айтқан Тоқаев:

"Дәстүрлі достық пен өзара қолдауды негіз еткен Қазақстан мен Түркия арасындағы көп салалы стратегиялық қарым-қатынастардың жалғасатынына және екі бауырлас халықтың мүддесіне сай жылдам дамитынына сенемін. Түркі Тілдес елдер Ынтымақтастық кеңесінің 8-ші лидерлер саммитінде жасампаз, мағыналы екі жақтылы диалогті жалғастыруды және тың белеске көтеру үмітімізді кеңесуді сабырсыздықпен күтемін" деп көрсетті. 

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев президент Режеп Тайып Ердоғанға күшті Түркия арманын орындау жолындағы саяси әрекеттеріне табыс, түрік халқына амандық пен байлық тіледі. 



Ұқсас жаңалықтар