Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанға сапарлай барды

Қасым-Жомарт Тоқаев: "Қазақстан-Түрікменстан-Иран құрлық жолының толық іске қосылуы басты міндет ретінде белгіленді" деді.

1724750
Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанға сапарлай барды

Қазақстан мен Түрікменстан құрлық және теңіз шекараларының заңдық жақтан белгіленуі келісіміне қол қойды.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев екі күндік сапар аясында бас қала Ашхабадта Түрікменстан президенті Құрбанқұлы Бердімұхаммедовпен кездесу өткізді.

Кездесуден кейін Тоқаев пен Бердімұхаммедов ортақ баспасөз жиналысын ұйымдастырды.

Сөзінде екі ел арасында көптеген саладағы келісімге қол қойылғанына меңзеген Тоқаев:

"Келісімдер арасында Қазақстан мен Түрікменстан мемлекеттік шекарасы және Каспий теңізіндегі тоғысып жатқан балықшылық алаңдарын белгілеуге байланысты келісім және үкіметтер арасындағы шекара режимі келісімі өте маңызды. Осылайша елдеріміз арасындағы құрлық пен теңіз шекараларын заңдық жақтан анықтауды аяқтаймыз. Бұл саяси маңызға ие" деді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев түрікмен әріптесімен қатынас және транзит секторлардағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін жан-жақты талқылағандарын айтып:

"Қазақстан-Түрікменстан-Иран құрлық жолының толық іске қосылуы басты міндет ретінде белгіленді" деді.

Бердімұхаммедов Түрікменстанның Қарабұғаз шығанағы арқылы Қазақстанға автожолмен жалғану үшін көпір салу талпынысын тілге тиек етті.

Сапар кезінде Қазақстан мен Түрікменстан арасында шекараны белгілеуді қамтыған қорғаныс, сауда, тасымал, қатынас, ауыл шаруашылығы, қоршаған орта, телекоммуникация, информация, білім беру және мәдениет салаларында ынтымақтастық келісімдеріне қол қойылды. 



Ұқсас жаңалықтар