Гаджиев Түрік Кеңесі Медиа форумында сөз сөйледі

«Тамырлы тарих, мықты болашақ» атты Түрік Кеңесі Медиа форумы Стамбулда ұйымдастырылды.

1723766
Гаджиев Түрік Кеңесі Медиа форумында сөз сөйледі

 Әзербайжан президентінің кеңесшісі Хикмет Гаджиев:

"Түрік Кеңесінің негізгі философиясын бауырластығымыз, құндылықтарымыз, ортақ өткеніміз бен тарихымыз құрайды" деді. 

Хикмет Гаджиев Түркия Президенттік аппаратының жанындағы Коммуникация басқармасының үй иесі болуымен «Тамырлы тарих, мықты болашақ» атымен Стамбулда ұйымдастырылған Түрік Кеңесі Медиа форумының беташарында сөз сөйледі.

Түркияда осындай форумның өтуі өте маңызды екенен тоқталған Хикмет Гаджиев Түрік Кеңесі 2009 жылы қол қойылған Нахичевань келісімімен мықты қадам басқанын айтты. 

Ортақ мәдениетті мұқият зерттеу және әлемге таныстыру міндетіміз екенін айтқан Хикмет Гаджиев:

"Медиа қызметкерлері ретінде міндетіміз ауыр. Ортақ мәдениетімізді жастарымызды қамтыған барлық халыққа жеткізу және бай түрік мәдениетін әлемге таныстыру үшін талпынуымыз керек" деді. 

Қарабахта 10 мың километрден астам Әзербайжан территориясының жойылғанын айтқан Хикмет Гаджиев түрік медиа қызметкерлерінің Қарабахқа барып осы опасыз әрекетті әлем қоғамымен бөліскенін тілге тиек етті.



Ұқсас жаңалықтар