Қазақстанда халық санағы жалғасуда

Биыл жалпы халық санағы алғаш рет электронды түрде жүргізілуде.

1723190
Қазақстанда  халық санағы жалғасуда

Қазақстанда 1 қыркүйекте басталған халық санағы жалғасуда.

Биыл жалпы халық санағы алғаш рет электронды түрде жүргізілуде.

1 қыркүйекте Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды.

Қазақстанның Ұлттық статистикалық кеңсесі бұл санақтың ел тәуелсіздігін алғаннан бергі үшінші санақ екенін мәлімдеді. 30 қазанға дейін жалғасатын жалпы халық санағында электронды және дәстүрлі әдістер қолданылады.

Электронды санақ 1 қыркүйек пен 15 қазан аралығында өтті.

Аталмыш кезеңде азаматтардың 40 пайызы онлайн санақ функциясын пайдаланды. Бұл әдісті негізінен Нұр-Сұлтан мен Алматы тұрғындары таңдағаны  белгілі болды.

Электронды түрде санауға қатыспағандар 30 қазанға дейін дәстүрлі санаққа алынады.

Елдегі соңғы халық санағы 2009 жылы өткізілген болатын.



Ұқсас жаңалықтар