Қазақстанда биткоин саласы қарқынды дамуда

Қазақстан Bitcoin өндірудегі 18,1 пайыздық үлесімен АҚШ-тан кейін әлемде екінші орынға көтерілді.

1723129
Қазақстанда биткоин саласы қарқынды дамуда

Қазақстанда биткоин өндіру саласы қарқынды дамуда.

Кембридж университетінің сарапшылары жариялаған есеп бойынша Қазақстан Bitcoin өндірудегі 18,1 пайыздық үлесімен АҚШ-тан кейін әлемде екінші орынға көтерілді.

Қазан айындағы есеп бойынша Қазақстан Bitcoin өндірудегі 18,1% үлесімен әлемде екінші орынға көтерілді. Деректерге сүйенсек, Bitcoin өндірудегі Қазақстанның үлесі жыл басынан бері 6,4 пайыздан 18,1 пайызға дейін өсті.

Қазақстандағы жағдайдың бір себебі бұл саланың бұрынғы көшбасшысы Қытайдағы криптовалютаға қатысты құқықтық реттеудің қатаңдауы болды.

Биткоин өндірісінде АҚШ 35,4 үлесімен бірінші болды, ал Ресей 11,2%үлесімен үшінші болды.

Канада, Ирландия, Малайзия, Германия мен Иран да биткоин өндірудегі үлесі 3%-дан асатын елдердің тізіміне енді.

Қазақстанның Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі 2025 жылға қарай биткоин өндірісіне салынатын инвестиция көлемін шамамен 1,5 миллиард долларға жеткізуді көздеп отыр.

Қазіргі уақытта елде Bitcoin өндіру бойынша 20 -дан астам компания жұмыс істейді.



Ұқсас жаңалықтар