Қарабахта 2908 әскер шейіт болды

Соғыста 2 мың 908 шейітпен бірге 94 әзербайжандық бейбіт азамат Арменияның шабуылында қаза тапты.

1723207
Қарабахта 2908 әскер шейіт болды

Әзербайжан армиясының Қарабахта территорияларын жаулап алудан құтқару үшін жүргізген операцияларында 2 мың 908 әскер шейіт болды.

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі 2020 жылы 27 қыркүйекте басталған және 2020 жылы 10 қарашада Арменияның жеңілгенін қабылдаған келісімге қол қоюымен аяқталған соғыстағы жан шығынына байланысты мәліметтерді жаңалады.

Әзербайжан Қорғаныс министрлігінің санағына қарағанда 2 мың 908 әскер шейіт болды, 6 әскерден хабар жоқ.

Аталмыш операцияларда 5 қала орталығы, 4 қалашық және 286 ауыл құтқарылды. Осыған орай Армения жеңілгенін қабылдады және жаулап алған Агдам, Лачин және Кельбаджар уәлаяттарын босататынына кепілдік берген келісімге қол қойды.

Армения армиясы 2020 жылы 20 қарашада Агдамнан, 25 қарашада Кельбаджардан және 1 желтоқсанда Лачиннен шегінді. 

Соғыста 2 мың 908 шейітпен бірге 94 әзербайжандық бейбіт азамат Арменияның шабуылында қаза тапты.  



Ұқсас жаңалықтар