Катар мен Әзербайжан арасында виза болмайды

Катар Сыртқы істер министрі Әзербайжанда кездесу өткізді.

1721326
Катар мен Әзербайжан арасында виза болмайды

Катар мен Әзербайжан арасында виза алынып тасталды.

Катар вице-премьері және Сыртқы істер министрі Шейх Мұхаммед бин Абдуррахман әл Санидің Әзербайжан сапарында екі ел арасында «Төлқұжат иелеріне виза жеңілдігі» жөніндегі келісімге қол қойылды.

Әл Сани Әзербайжанда Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамовпен кездесті. Кездесуде министрлер екі жақты ынтымақтастықпен қоса аймақтық мәселелерде көзқарас алмасты.

Министрлер экономика, сауда, өзара инвестиция, балама энергия, транспорт, туризм салаларында екі ел арасындағы серіктестіктің арттырылуы  және әлеуетті қолдану тақырыптарын қолға алды.

Кездесуден кейін Байрамов пен Әл Сани «Әзербайжан Республикасы үкіметі мен Катар мемлекеті үкіметі арасында төлқұжат иелеріне виза жеңілдігі» жөніндегі келісімге қол қойды.



Ұқсас жаңалықтар