Әзербайжан әскері шейіт болды

Бұл туралы Әзербайжан Қорғаныс министрлігі хабарлады.

1719942
Әзербайжан әскері шейіт болды

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі орыс күштерінің бақылауындағы аймақтан армян қарулы топтарының оғынан бір Әзербайжан әскерінің шейіт болғанын хабарлады.

Министрлік жергілікті уақытпен сағат 18.15-те армян қарулы топтарының оғынан әскер Афган Хамзаевтің қайтыс болғанын хабарлады.

Террорлық әрекет деп аталған осы оқиғаның тергеп тексерілуі үшін Түрік-Орыс ортақ бақылау орталығына өтініш берілгені айтылды.

Минскте Ресей, Әзербайжан және Армения Сыртқы істер министрлері үштік жиналыс өткізіп жатқан кезде заңсыз армян қарулы топтарының істегендері арандатушылық болып табылатыны айтылды.

Айырықша террорлық лаңкестікті істеген заңсыз армян қарулы топтарын залалсыздандыру және есеп сұрау мақсатымен Әзербайжан заңдарына сәйкес қадам басылатыны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар