Көшпенділер ойындары биыл Түркияда болады

Көшпенділер ойыны Түркияның Изник қаласында ұйымдастырылады.

1719090
Көшпенділер ойындары биыл Түркияда болады

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары биыл Түркияда болады.

Көшпенділер ойыны Түркияның Изник қаласында ұйымдастырылады.

I-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Қырғызстан үкіметінің ұсынысымен Түркі Кеңесінің екінші саммиті аясында өткізілген болатын.

Бұл ойын тек түркі тектес халықтар үшін ғана емес, әлемнің барлық көшпелі халықтарының рухани санасы мен тарихи жадын жаңғыртуға бағытталған.

Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының қолдауымен өткізілетін Дүниежүзілік көшпенділер ойыны осы күнге дейін 3 рет Қырғызстанда болып өтті.

Біріншісі 2014 жылдың 9-14 қыркүйек күндері арасында Ыстықкөл аймағында өтті. Жарысқа 19 елден  спортшылар қатысты. Екіншісі 2016 жылдың 3-8 қыркүйек күндері арасында "Күш бірлігі" деген ұранмен іске асырылды. Бұл жолы ойындарда 53 елден келген спортшылар бағын сынады. 2018 жылы өткен үшінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 82 елден келген 2000 мыңға жуық спортшы қатысты. Төртінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын Түркияда ұйымдастыру туралы шешім қабылданған болатын, алайда коронавирустың өршуіне байланысты ойындар кейінге қалдырылды.

Биыл Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының Түркияның Изник қаласында ұйымдастырылуы жоспарланып отыр.

Хабар TRT Avaz-дан алынды.



Ұқсас жаңалықтар