Түркия мен Әзербайжан әскерлері Нахчыванда әскери жаттығу өткізді

Түркия-Әзербайжан әскерлері Нахчыванда «Мәңгі Бауырластық-2021» бірлескен әскери жаттығу өткізді.

1717271
Түркия мен Әзербайжан әскерлері Нахчыванда әскери жаттығу өткізді

Нахчыван қаласында Түркия мен Әзербайжан Қарулы күштерінің бірлескен әскери жаттығуы барысында соғыс сценарийі бойынша белгіленген дұшпан нысандары жойылып, басқыншылық астындағы аймақтар құтқарылды.

Нахчыванда Түрік Қарулы күштері 3-ші армия қолбасшылығы мен Әзербайжан Нахчыван армиясы қолбасшылығының бірлесе өткізілген «Мәңгі Бауырластық-2021» әскери оқу-жаттығуы кезінде арнайы десанттардың аталған дұшпан қоныстанған төбелерге шабуылы және аймақты бақылауға алуымен басталды.

Жауға тиесілі майданына әуе десанттарының парашюттармен қонуының артынан дұшпан залалсыздандырылып, бронды техникасы бақылауға алынды.

Мергендер нысаналарын дәлдеп жойған жаттығуда дұшпан нысандары зеңбірек, миномет және зымырандармен атқыланды.

Танк және бронды көліктермен дұшпан бекіністеріне операциялар жасалған жаттығуда десанттар басқыншылық астындағы жерлерді құтқарды.

Әскери ұшақтар қолданылған жаттығуда, әуе күштері нысаналарды бомбалады.

Жаттығу «азат етілген» төбелерде Түркия мен Әзербайжан жалаулары тігіліп, екі ел байрақтарымен ұшқан тікұшақтардың шеруімен аяқталды.



Ұқсас жаңалықтар