Әзербайжанда Қарабах шейіттері еске алынды

2020 жылдың 27 қыркүйек күні басталған 44 күндік соғыстың бірінші жылдығында шейіттер еске алынды.

1711406
Әзербайжанда Қарабах шейіттері еске алынды

Әзербайжанда Армения басып алған жерлерді азат ету үшін 2020 жылдың 27 қыркүйек күні басталған 44 күндік соғыстың бірінші жылдығында шейіттер еске алынды.

Іс-шаралар аясында бас қала Бакудің әйгілі ғимараттары Әзербайжан байрағының түстерімен жарықтандырылып, аспанға тілек шарлары ұшырылды.

Әзербайжанда кеше азанда басталған «Шейіттерді еске алу күніне» арналған іс-шаралар түнде де жалғасты.

Баку қаласының жаңа сәулеттік символдарының бірі Flame Towers және "Гайдар Әлиев" атындағы мәдениет орталығы Әзербайжан байрағының түстерімен жарықтандырылды.

Іргетасын Президент Ильхам Әлиев қалаған "Отан соғысы монументі мен Жеңіс мұражайы" аумағында шейіттерді еске алу үшін шамамен 3000 тілек шары аспанға ұшырылды.

Екінші Қарабах соғысында 2 мың 907 Әзербайжан әскері шейіт болды. Президент Әлиев операция басталған 27 қыркүйекті «Шейіттерді еске алу күні» деп жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар