ТҰҰМ төрағасы Мұстафа Шентоп Қазақстанға барды

ТҰҰМ төрағасы байланыстарының алғашқы күні түрік іскерлермен бас қосты.

1710869
ТҰҰМ төрағасы Мұстафа Шентоп Қазақстанға барды

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) төрағасы Мұстафа Шентоп Түркия мен Қазақстан қарым-қатынастары туралы (Жаңа типтегі коронавирус) "эпидемия кезеңінде сауда көлемінде азаю емес, өсу байқалды. 2021 жылы 7-ші айынан бастап алдынғы жылдармен салыстырғанда 50 пайыз төңірегінде экономикалық өсу тіркелді" деді.

Мұстафа Шентоп басшылығындағы Түркі тілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының (ТүрікПа) 10-шы Кеңес жиналысына қатысу үшін барған Қазақстандағы байланыстарының алғашқы күні елорда Нұр-Сұлтанда түрік іскерлермен кездесті.

Шентоп Түркия мен Қазақстан қарым-қатынастарының өте жақсы деңгейде екеніне назар аударып, «Қазақстанның тәуелсіздігін жариялаған күні егемендігін таныды. Сондай-ақ алғаш дипломатиялық байланысты орнатқан ел болдық. Сол күннен бүгінге дейін Қазақстанмен достық, бауырластық қарым-қатынастарымыз әр салада жалғасуда» деді.

Қазақстанмен экономикалық тұрғыдан да қарым-қатынастардың мықты негіздерге сүйенгенін атап көрсеткен Шентоп «эпидемия кезеңінде сауда көлемінде азаю емес, өсу байқалды. 2021 жылы 7-ші айынан бастап алдынғы жылдармен салыстырғанда 50 пайыз төңірегінде экономикалық өсу тіркелді. Президентіміз ортаға қойған 10 миллиард доллар нысанасына бұл ұстаныммен жылдам жетеміз деп сенемін. Бұл тақырыпта әрине сіздер қосатын үлес өте маңызды» деді.



Ұқсас жаңалықтар