Стамбулда Мұстафа Өзтүрік атында бір саябақ ашылды

Саябақтың ашылуына Бағжылар муниципалитеті мен ҚР Стамбул Бас консулдығы бірігіп атсалысты.

1709794
Стамбулда Мұстафа Өзтүрік атында бір саябақ ашылды

Стамбулда Мұстафа Өзтүрік атында Түрік-Қазақ достық пен бауырластық саябағы ашылды.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнап Стамбулдың Бағжылар муниципалитеті таэквондодан әлемге әйгілі Түркия қазағы,  марқұм Мұстафа Өзтүрік атында бір  саябақ ашты.

Саябақтың ашылуына Бағжылар муниципалитеті мен ҚР Стамбул Бас консулдығы бірігіп атсалысты.

Саябақтың  беташарына Қазақстанның, Еуропаның және Түркияның түкпір-түкпірінен  қазақтар жиналды.

Беташарда Қазақтардың дүниежүзілік қауымдастығының Төрағасының Бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков, Қазақстан Республикасының Стамбулдағы Бас консулы Әлім Байел мен Бағжылар муниципалитеті басшысы Локман Чагрыжы сөз сөйледі.

Саябақтың салтанатты беташарында сөз кезегі берілген Өзтүріктің қызы Неслихан Өзтүрік тебіреніп, көзінің жасын тыя алмай, сөздерін «Әке, сіз балаларды қатты жақсы көрдіңіз, енді балаларға толы саябағыңыз бар. Сіз әрқашан осы саябақпен есте қаласыз» деп аяқтады.

Мұстафа Өзтүрік атындағы саябақтың жалпы аумағы 4771 шаршы метрді құрайды. Саябақта футбол көгалы, балалар үшін ойын алаңы, буфет, отыратын орындар  және 86 көлікке арналған тұрақ ойластырылған.

 



Ұқсас жаңалықтар