Гуттеришпен кездеседі

Нью-Йорк қаласында жүрген президент Татар әлеуметтік желіден жазба жариялады.

1709212
Гуттеришпен кездеседі

Солтүстік Кипр Түрік Республикасы президенті Ерсин Татар 25 қыркүйек күні БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гуттеришпен бас қосатынын хабарлады.

Америка Құрама Штаттарының Нью-Йорк қаласында жүрген президент Татар әлеуметтік желіден жазба жариялады. Ол Нью-Йоркта Түрікүйінің ашылу салтанатында Бас хатшымен қысқа кездескенін білдірді. Татар «Сенбі күні Бас хатшымен екі жақты кездесуде бас қосамыз.  Дүйсенбі күні болса Бас хатшының қонағасында понти басшысы Анастасиадиспен кездесу болады» деді.

Ерсин Татар БҰҰ Бас Ассамблеясы жиналысы шеңберінде басқа елдердің өкілдері, халықаралық ұйымдар мен баспасөз өкілдерімен кездесулер өткізетінін хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар