ТүрікПа-ның жиналысы Түркістанда болады

Қазақстан Мәжілісінің басшысы Нұрлан Нығматуллин ТүрікПа бас хатшысы Алтынбек Мамаюсуповты қабылдады.

1706839
ТүрікПа-ның жиналысы Түркістанда болады

Түркітілдес Мемлекеттер парламенттік ассамблеясы ТүрікПа-ның 10-шы пленарлық жиналысы 27-28 қыркүйекте Түркістанда өтеді.

Қазақстан Мәжілісінің басшысы Нұрлан Нығматуллин ТүрікПа бас хатшысы Алтынбек Мамаюсуповты қабылдады. Кездесуде 27-28 қыркүйекте Қазақстанның Түркістан қаласында өтетін жиналыстың дайындықтары қолға алынды.

Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркияның мәжіліс басшылары қатысатын жиналысқа Өзбекстан да шақырылды. Жиналыста ТүрікПа-ның он жылдық істеріне баға беріледі және ассамблея шеңберінде ынтымақтастықты жетілдіру үшін жаңа мақсаттар айқындалады.

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрыған ТүрікПа-да Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия толық мүше, Венгрия болса бақылаушы мәртебесімен орын алады.



Ұқсас жаңалықтар