"Нью-Йоркте ұстанымымыздың өзгермегенін қайталаймыз"

СКТР Президенті Эрсин Татар 18 қыркүйек күні ресми байланыстар аясында Нью-Йоркте аттанады.

1706884
"Нью-Йоркте ұстанымымыздың өзгермегенін қайталаймыз"

Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР) президенті Эрсин Татар «Женевадан кейін (27-29 сәуірде өткен бейресми Кипр конференциясы) ұстанымымыздың (Кипрде екі мемлекетті шешім) өзгермегенін Нью-Йоркте де қайталаймыз» деді.

Эрсин Татар 18 қыркүйек күні ресми байланыстар аясында Нью-Йоркте аттанады.

СКТР Президенттік делегациясы, Сыртқы істер министрі Тахсин Эртугрулоғлу және басқа да лауазымдылармен Нью-Йоркке баратындарын атап көрсеткен Татар түрік тарапының бір жылдан бері ресми түрде Түркияның қолдауымен «егемендік теңгерімі негізінде екі мемлекетті шешім» саясатын ұсынуды жалғастыратынын айтты.

Татар «Женевадан кейін (27-29 сәуірде өткен бейресми Кипр конференциясы) ұстанымымыздың (Кипрде екі мемлекетті шешім) өзгермегенін Нью-Йоркте де қайталаймыз. Женевада 6 баптан тұратын ұсыныстың әсіресе тең егемендік құқығымыз негізінде халықаралық теңгерімді мәртебемізді қалыптастыруды талап етеміз. Бұл жерде жүргізілген ұлттық бір күрес, ешқандай өзгеріс болуы мүмкін емес» деді.

Кипрде екі бөлек және тең халық бар екенін және жылдар бойы федералды негізде жүргізілген келіссөздерден нәтиже шықпағанын атап көрсеткен Татар «Кипрде екі бөлек егемен теңгерімді, көршілес екі мемлекеттің ынтымақтастығымен ғана бір келісім жасалуы мүмкін» деді.



Ұқсас жаңалықтар