Әзербайжанда «ТУРАЗ қаршығасы 2021» жаттығуы

Түркия мен Әзербайжан қорғаныс министрлері «Құрметті бақылаушылар күні» іс-шарасына қатысты.

1706503
Әзербайжанда «ТУРАЗ қаршығасы 2021» жаттығуы

Түркия мен Әзербайжан Әуе күштерінің «ТУРАЗ қаршығасы 2021» атты ортақ жаттығуы аясында «Құрметті бақылаушылар күні» іс-шарасына ТР Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар мен Әзербайжан Қорғаныс министрі Закир Хасанов қатысты.

Түркия Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар мен Әзербайжан Қорғаныс министрі Закир Хасанов, Бас штаб басқармасы төрағасы генерал Яшар Гүлер, Әзербайжан Бас штабының төрағасы генерал Керим Велиев, Әуе күштері қолбасшысы Хасан Күчүкакйүз және Әзербайжан Әуе күштері қолбасшысы генерал Рамиз Тахиров, «ТУРАЗ қаршығасы 2021» жаттығуының  «Құрметті бақылаушылар күні» іс-шарасына қатысу үшін 3-ші Әскери әуе базасы қолбасшылығына келді.

Акар осында жаттығуға қатысты айтқан сөзінде «Бұл сәтті жаттығулар бізді бақылап отырған жауларды қорқытады және достарымыз бен бауырларымызды қызықтырады» деді.

Түркия мен Әзербайжан арасындағы жақын бауырластық қарым-қатынастарына тоқталған Акар «Әзербайжанға бағытталған қауіптерді өзімізге қарсы жасалған деп қабылдаймыз» деді.

Әзербайжан Қорғаныс министрі генерал Закир Хасанов болса «Әзербайжан халқы Түркияның қолдауын өте құнды деп санайды. Түркия тарапынан көрсетілген қолдау үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді» деді.

Жаттығумен Түркия және Әзербайжан әуе күштері арасында электронды соғыс тақырыбында өзара тәжірибе алмасылды, аралас әуе операциялары бойынша практикалық жаттығулар өткізілді.



Ұқсас жаңалықтар