Қазақстанда Ковид-19-ға қарсы күрес шаралары жеңілдетілуде

Карантиндік шараларды жеңілдету туралы шешім қабылданды.

1705775
Қазақстанда Ковид-19-ға қарсы күрес шаралары жеңілдетілуде

Қазақстанда Ковид-19-ға қарсы күрес шаралары жеңілдетілуде.

Қазақстанда коронавирустың жаңа түрінің (Ковид-19) алдын алу үшін қабылданған карантиндік шараларды жеңілдету туралы шешім қабылданды.

Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов қол қойған жаңа ережеге сәйкес, бүгіннен бастап елде бетпе-бет кездесулер, демалыс күндері жүретін қоғамдық көліктер, ұлттық құрамалар мен спорт клубтарының жаттығуына рұқсат етілген.

Сонымен қатар жұма намазы бүкіл ел бойынша мешіт аулаларында жамағатпен оқылады.

Екінші жағынан вирусқа қарсы вакцинацияланбаған адамдарды демалыс күндері сауда және ойын-сауық орталықтарына кіргізбеу туралы шешім жалғасады.

Қазақстанда Ковид-19 вакцинасының екі дозасын қабылдаған адамдардың саны 6 миллионға жақындаса, соңғы 24 сағат ішінде 3 мың 959 адамда вирус анықталды.



Ұқсас жаңалықтар