Жамбылдағы жарылыста 66 адам жараланды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тақырыпқа байланысты Твиттер желісінен жасаған мәлімдемесінде  жарылыс жайлы тергеудің басталғанын жеткізді.

1698040
Жамбылдағы жарылыста 66 адам жараланды

Қазақстанның оңтүстігіндегі Жамбыл облысына қарасты Байзақ ауданындағы әскери бөлімнің оқ-дәрі қоймасында болған жарылыста алғашқы санаққа қарағанда 11-і әскери қызметкер жалпы 66 кісінің жараланғаны білдірілді.

Қазақстан Қорғаныс министрлігі Байзақ ауданындағы әскери бөлімнің оқ-дәрі қоймасындағы жарылыстың жергілікті уақыт бойынша сағат 19:00-де болғанын хабарлады.

Мәлімдемеде:

"Қазақстанның оңтүстігіндегі Жамбыл облысына қарасты Байзақ ауданындағы әскери бөлімнің оқ-дәрі қоймасының маңында өрт шықты. Өрт қоймалардың біреуінде белгісіз материалдардың жарылуына себеп болды. Аймақта өрт сөндіру жұмыстары жалғасуда" деп көрсетілді.

Жамбыл облыс әкімшілігінен жасалған мәлімдемеде жарылыс болған әскери бөлімнің төңірегіндегі 3 ауылдағы 700 кісінің қауіпсіз жерлерге көшірілгені хабарланды. 

Мәлімдемеде жарылыста 11-і әскери қызметкер жалпы 66 кісінің жараланғаны және ауруханаға жеткізілгені білдірілді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тақырыпқа байланысты Твиттер желісінен жасаған мәлімдемесінде  жарылыс жайлы тергеудің басталғанын жеткізді.

Қорғаныс министрлігі әскери бөлімде шыққан өрттің оқ-дәрі қоймасында жалпы 6 жарылысқа себеп болғанын жариялады. 

Жарылыс болған аймақта зерттеу жүргізген  Қорғаныс министрінің орынбасары Руслан Шпекбаев аймақта өрт сөндіру жұмысының жалғасқанын және жарылыс болған қоймада ұзақ аралыққа жетпейтін оқ-дәрілер сақталғанын хабарлады.

Сонымен бірге аймақта құрлық және темір жол байланысы уақытша тоқтатылды.



Ұқсас жаңалықтар