Тоқтар Әубәкіров коронавирус жұқтырды

Түркі әлемінің тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров бүгін бас қала Нұр-Сұлтандағы инфекциялық аурулар орталығында емделе бастады.

1696603
Тоқтар Әубәкіров коронавирус жұқтырды

Қазақстанның және Түркі әлемінің тұңғыш ғарышкері ретінде танымал Тоқтар Әубәкіровтың жаңа типті коронавирус (Сovid-19) инфекциясын жұқтырғаны және ауруханаға түскені хабарланды.

Kazinform-ның хабарына қарағанда 21 тамызда Ковид-19 сынамасында вирус жұқтырғаны расталған Түркі әлемінің тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров бүгін бас қала Нұр-Сұлтандағы инфекциялық аурулар орталығында емделе бастаған.

Тоқтар Әубәкіровтың денсаулық жағдайының жақсы екені және Ковид-19 вакцинасының екі компонентін де салғызғаны білдірілді.

Тоқтар Әубәкіров 1991 жылы 2 қазанда Байқоңыр Ғарыш айлағынан ұшырылған Союз ТМ-13 ғарыш көлігімен ғарышқа шыққан Түркі әлемінің тұңғыш ғарышкері ретінде тіркелді.   



Ұқсас жаңалықтар