Татар Кипр мәселесі бойынша мәлімдеме жасады

Татар: "Кипрде ең нақты шешім екі егеменді тең мемлекетке негізделеді".

1695189
Татар Кипр мәселесі бойынша мәлімдеме жасады

Солтүстік Кипр Түрік Республикасы президенті Эрсин Татар Кипрде ең нақты шешімнің екі бөлек мемлекетке негізделгенін атап көрсетті.

Президенттік аппарат жасаған жазбаша мәлімдемеге қарағанда, Татар Йениеренкөй аймағында қатысқан жиналыста аймақ тұрғындарына үн қатып, Кипр мәселесі бойынша мәлімдеме жасады.

Кипрде 53 жыл бойы жүргізілген федералдық негіздегі келіссөздердің понти тарапының теріс ұстанымына байланысты қорытындыға келе алмайтынын атап көрсеткен Татар әсіресе (тәуелсіз мемлекет ретінде түрік және понти тарапы деп бөлінген Кипр аралын біріктіруді ұсынатын) Аннан жоспары референдумы (2004 ж.) және Кранс Монтана келіссөздерінде (2017 ж.) Федералды негізде бір шешімнің мүмкін еместігінің анық және айқын көрінгенін мәлімдеді.

Татар «Федералды негізде бір шешімнің мүмкін еместігіне көзіміз жетті. Егеменді екі тең мемлекетке негізделген шешімді алғаш рет Женевада келіссөз үстелінде күн тәртіпке  қойдық. Түркия тарапы да қолдайтын шешімнің бұл түрі ең шынайы шешім болмақ. Кипр мен аймақтың да мүддесіне» деді.

Кипрде екі бөлек мемлекет пен халық бар екеніне назар аударған Татар сәуір айында Швейцарияның Женева қаласында болып өткен келіссөз үстелінде күн тәртіпке әкелінген бұл шешім ұсынысынан бас тартпайтындарын атап көрсетті.

Президент Татар Мараш бастамасының алғаш сатысын 2020 жылдың басында күн тәртібіне әкелген кезде адам құқықтары мен халықаралық құқыққа сәйкес қоғамдық кейбір аумақтар мен жағалау желісінің ашу арқылы жүзеге асырғандарына назар аударып «Шілде айында Мараш бастамасының екінші кезеңі де тағы адам құқықтары мен халықаралық құқыққа сәйкес жүзеге асырылды. 3,5 пайыздық аймақ әскери аймақ мәртебесінен шығарылып, мүлік иелеріне жылжымайтын мүлік жөніндегі комиссия арқылы өтініш беруге жағдай жасалды» деді.



Ұқсас жаңалықтар