Ильхам Әлиев Лачын және Кельбежер қалаларына барды

Ол жол үстінде салынатын туннельдердің іргетасын қалады.

1692564
Ильхам Әлиев Лачын және Кельбежер қалаларына барды

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Арменияның оккупациясынан азат етілген Лачын және Кельбежер қалаларына барды.

Әлиевтің жұбайы Михрибан Әлиева осы көріністерді Инстаграм парақшасында жариялады. Көріністе президент Әлиев көлікті өзі қолданып отырғаны көрінеді.

Әлиев көріністерде жол бойы қираған елді мекендерді көрсетіп,  барлық ауылдарды Армения қарулы күштері қиратқанын айтады.

Президент Кельбежер мен Лачынның таулары, сайлары және ормандарымен табиғаты керемет жерлер екенін айтып берді. Ол жол үстінде салынатын туннельдердің іргетасын қалады.

Лачын Халықаралық әуежайының да іргетасын қалаған Әлиев Кельбежер қала орталығына Әзербайжан туын асты.

 



Ұқсас жаңалықтар