Әзербайжан Түркияның қасында

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі Түркияның қасында екенін көрсеткен бір клип дайындады.

1685736
Әзербайжан Түркияның қасында

Орман өртімен күрескен Түркияға бауырлас ел Әзербайжаннан қызметкер және техникалық қолдаумен бірге рухани қолдау да келді.

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі Түркияның қасында екенін көрсеткен бір клип дайындады.

Клипте Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің президент Режеп Тайып Ердоғанға арнап жазған хаты және зейнеткер Полковник Абдулла Гурбан оқыған сезімге толы өлең де бар.

Өлең жолдары мынадай мағынада:

"Бұл өрт, бұл от, әлем қосылса Түркінің байрағын құлата алмайды."

Өлеңде Түркияға рухани күш пен қолдау үндеуі тасталған. Әзербайжан армиясының Түркияның қасында болатыны атап көрсетілген және "Қайғыңыз қайғымыз" деген сәлем жолданған. 

Клип "Әзербайжан қасыңда Түркия!" деген ұранмен аяқталады. 

Каспий арнасында өрт хабарларын берген әзербайжандық жүргізуші Лале Азерташ көңіл күйін баса алмай, күлге айналған орманның көріністері алдында көз жастарын тоса алмады. 



Ұқсас жаңалықтар