Ресей мен Өзбекстан ортақ әскери жаттығу өткізуде

30 шілдеде басталған "Оңтүстік-2021" Ресей мен Өзбекстан ортақ әскери жаттығуының беташар рәсімі ұйымдастырылды.

1684350
Ресей мен Өзбекстан ортақ әскери жаттығу өткізуде

Ресей мен Өзбекстан ортақ әскери білім беру жаттығуының беташар рәсімі өткізілді.

Өзбекстан Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде елдің Ауғанстанмен шекарасындағы Термез диапазонында Өзбекстан Қарулы күштері мен Ресей Орталық әскери аймағы қолбасшылығында міндет атқарған  орыс әскерлерінің қатысуымен 30 шілдеде басталған "Оңтүстік-2021" Ресей мен Өзбекстан ортақ әскери жаттығуының беташар рәсімі ұйымдастырылды.

Беташар рәсіміне Өзбекстан Қорғаныс министрінің орынбасары Қадыржан Тұрсынов пен Ресей Орталық әскери аймағы қолбасшысының орынбасары Николай Терешенко қатысты.

8 тамызға дейін жалғасатын жаттығуға қатысқан әскерлер заңсыз жолмен елге кірген қарулы топтарды залалсыздандыру жаттығуын жасайды. 

Ресей мен Өзбекстан қарулы күштері жаттығу кезінде қарулы топтарды анықтап, оларды жоюға байланысты әскери қолбасшылық, тәсіл, қорғаныс және шабуыл қабілеттерін көрсетеді, дұшпан шаубылдарын кері қайтарады.

Ортақ жаттығуда екі елден де 1500 әскер мен 200 әскери көлік қатысады. Қырғызстандағы орыс әскери базасында міндет атқаратын Су-25 әскери ұшақтар мен тікұшақтар да қолдау береді.



Ұқсас жаңалықтар