Армян әскерлер Әзербайжан бекіністеріне шабуылдады

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.

1683476
Армян әскерлер Әзербайжан бекіністеріне шабуылдады

Армян армиясына қарасты жасақтар Нахчыван Автономиялық Республикасындағы Әзербайжан бекіністеріне оқ жаудырды.

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі мәлімдемесінде Арменияның Веди провинциясының Араздейен ауылы маңындағы әскери бекіністерден Нахчыванның Седерек қаласының Хыдарабат елді мекеніндегі Әзербайжан әскери бекіністеріне жергілікті уақытпен 03:45 шамасында оқ атылғаны хабарланды.

Мәлімдемеде Әзербайжан әскерлері арасында адам шығыны жоқ екені және Армения тарапын еселеп жауап қайтарылғаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар