Қазақстанда 1300 жылдық мүсін табылды

Профессор доктор Мұхтар Қожа тас мүсінді Түркістанның 250 километр ұзағындағы Сырдария өзені жағасынан бір тұрғынның байқағанын айтты.

1683334
Қазақстанда 1300 жылдық мүсін табылды

Қазақстанда мөлшермен 1300 жылдық байырғы Түркі дәуіріне тән тас мүсін табылды.

Халықаралық Түрік академиясының интернет парақшасында жарияланған мәлімдемеде осы тарихи табыс жайлы алғашқы мәліметтер Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Түрік-Қазақ университетінің мұғалімі Профессор доктор Мұхтар Қожа тарапынан хабарланғаны білдірілді.

Профессор доктор Мұхтар Қожа тас мүсінді Түркістанның 250 километр ұзағындағы Сырдария өзені жағасынан бір тұрғынның байқағанын айтты.

Тас мүсіннің байырғы Түркі дәуіріне тән екенін айтқан Қожа:

"Елімізде бұрын да көптеген тас мүсін табылды. Бұл жолғы мүсіннің көрінісі мен өрнектері жағынан бұрынғылардан өзгеше. Алғашқы зерттеуде биіктігі бір метр мүсіннің 1000-1300 жылдық тарихқа ие екенін мөлшерледік" деді.

Қожа мүсінде әйел бейнесі суреттелгенін айтып:

"Мұны орамал мен сырғадан байқадық. Ауқатты әйелдің суреттелгені айқын. Сол дәуір билеушісінің әйелі болуы мүмкін. Ұмай ана символы болуы да ықтимал" деді.

Мүсіннің университеттің Археология зерттеу институты мамандары тарапынан зерттелгенін айтқан Қожа зерттеу нәтижесінің жақында жарияланатынын хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар