Әзербайжаннан Түркияға көңіл айту жеделхаты

Әзербайжан Қорғаныс министрі Закир Хасанов Сирияда шейіт болған түрік әскерлері үшін көңіл айтты.

1679794
Әзербайжаннан Түркияға көңіл айту жеделхаты

Әзербайжан Қорғаныс министрі Закир Хасанов Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар мен Бас штаб басқармасы төрағасы генерал Яшар Гүлерге «Евфрат қалқаны» аймағында террористердің «Кирпи» атты бронды көлікке жасаған шабуылында шейіт болған әскерлер үшін көңіл айту жеделхаты жолдады.

Хасанов хатында «Террормен күрес операциялары жүргізілген «Евфрат қалқаны» операциялық аймағында бауырлас Түрік Қарулы күштеріне жасалған опасыз террор шабуылы салдарынан шейіт болған және жарақат алған түрік әскерлеріне қатты қайғырдым» деді.

Хасанов шейіт әскерлерге Алланың рақымы мен жаралы әскерлердің тезірек сауығып кетуін тіледі.



Ұқсас жаңалықтар