Әзербайжан мен Армения шекарасында қақтығыс

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі Армения шекарасында қақтығыс шыққанын мәлімдеді.

1679302
Әзербайжан мен Армения шекарасында қақтығыс

Қорғаныс министрлігі мәлімдемесінде шекараның Келбеджер аймағында Армения әскерлерінің Әзербайжан бекіністеріне шабуылдағаны атап көрсетілді.

Мәлімдемеде Әзербайжан армиясының да армян жасақтарына тойтарыс бергені, артынан қақтығыс шыққаны білдірілді.

Жергілікті уақытпен шамамен сағат 16:00-де бірдей бағытта қақтығыстар басталып, армян мерген тарапынан Әзербайжан армиясының бір сарбазы шейіт етілген болатын.



Ұқсас жаңалықтар