Өзбекстанда президенттік сайлау 24 қазан күні өтеді

Өзбекстан Орталық сайлау комиссиясы төрағасы Сайниддин Низамходжаев мәлімдеме жасады.

1679081
Өзбекстанда президенттік сайлау 24 қазан күні өтеді

Өзбекстанда президенттік сайлау 24 қазан күні өтеді.

Өзбекстан Орталық сайлау комиссиясы төрағасы Сайниддин Низамходжаев өткізген баспасөз мәслихатында комиссияның елдегі президенттік сайлауды 24 қазан күні өткізу туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.

Низамходжаев сайлау науқанының болса бүгіннен басталғанын білдірді.

Өзбекстан парламентінің жоғарғы палатасы болған Сенат Жалпы кеңесі ақпан айында президенттік сайлауды желтоқсан айынан қазан айына ауыстыруды көздеген заңға түзету енгізуді қабылдаған болатын.

Жаңа реттеуге қарағанда желтоқсан айының жиырмасынан кейінгі алғаш жексенбі күні өткізуі жоспарланған президент сайлауды 20 қазан күнінен кейінгі бірінші жексенбі күні жүзеге асыру белгіленген еді.

Президент 5 жылдық мерзімге сайланған елде соңғы президенттік сайлау 2016 жылдың желтоқсан айында өткізіліп, аталмыш сайлауда үш қарсыласын артта қалдырып 88,61 пайыз дауыс жинаған Шевкет Мирзиёев жеңіске жеткен болатын.



Ұқсас жаңалықтар