Әзербайжан Қырғызстанға вакцина жолдады

Әзербайжан жолдаған 40 мың доза AstraZenneca вакцинасы Бішкекке жеткізілді.

1676828
Әзербайжан Қырғызстанға вакцина жолдады

Әзербайжанның Қырғызстанға жаңа типті короанвирус (Сovid-19) індетімен күрес аясында 40 мың доза AstraZenneca вакцинасын бергені білдірілді.

Қырғызстан Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде Сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаевтың  1-3 шілде арасында Әзербайжанға жасаған сапары кезінде гуманитарлық жәрдем берілуі талабына орай 40 мың доза AstraZenneca вакцинасы Бішкекке жеткізілді.

Манас Халықаралық әуежайында ұйымдастырылған тапсырып беру рәсіміне Сыртқы істер министрінің орынбасары Азизбек Мадмаров, Денсаулық сақтау және Әлеуметтік өркендеу министрінің хатшысы Жапарқұл Ташиев және Әзербайжанның Қырғызстандағы өкілетті елшісі қатысты.

Азизбек Мадмаров рәсімдегі сөзінде Әзербайжанның өткен жылы Қырғызстанға 64 тонна медициналық  материалдар қолдауын бергенін ескертіп,  коронавирустың ауыр жағдайында жасалған жәрдемдері үшін Әзербайжанға алғыс айтты.



Ұқсас жаңалықтар