Ерсин Татар "Бір ұлт үш мемлекетпіз. Тегіміз бір" деді

Әзербайжан делегациясы Солтүстік Кипр Түрік Республикасына барды.

1676617
Ерсин Татар "Бір ұлт үш мемлекетпіз. Тегіміз бір" деді

Әзербайжан Ұлттық Мәжілісінің Сыртқы байланыстар және Парламенттерарасы қарым-қатынастар комитеті делегациясы алғаш рет ресми сапармен Солтүстік Кипр Түрік Республикасына барды. 

Делегация Солтүстік Кипр Түрік Республикасы президенті Ерсин Татар, Мәжіліс төрағасы Өндер Сеннароғлу және премьер-министр Ерсан Санер тарапынан қабылданды. 
Жасалған мәлімдемеге қарағанда Ерсин Татар Түркияның Әзербайжанмен жақын байланысына қатты риза екенін білдіріп, "Бір ұлт үш мемлекетпіз. Тегіміз бір" деді. 

Әзербайжан Ұлттық Мәжілісінің Сыртқы байланыстар және Парламенттерарасы қарым-қатынастар комитетінің төрағасы Самед Сеидов та "Түркияның күші Әзербайжанның күші болып табылады. сонымен қатар Солтүстік Кипр Түрік Республикасының күші" деген сөздер қолданып, Түркі әлемінің бірігуін тіледі. 
 



Ұқсас жаңалықтар