Түркияда Қырғызстанның 30 жылдығына орай фотосурет көрмесі ашылды

Қырғызстан Республикасының тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай фотосурет көрмесі ұйымдастырылды.

1671228
Түркияда Қырғызстанның 30 жылдығына орай фотосурет көрмесі ашылды

Сыртқы істер министрінің орынбасары Явуз Селим Кыран Қырғызстанмен бір миллиард долларлық сауда көлеміне қол жеткізуді үміт еткендерін мәлімдеді.

Кыран мен Қырғызстанның Түркиядағы елшісі Кубанычбек Омуралиевтің қатысуымен Сыртқы істер министрлігінің Суна Чокгүр Илыджак өнер галереясында Қырғызстан Республикасының тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай фотосурет көрмесі ұйымдастырылды.

Осында сөз алған Кыран Түркия мен Қырғызстанның дипломатиялық қарым-қатынастарының 30 жылдығын құттықтағанын айтты.

Явуз Селим Кыран Түркия мен Қырғызстан арасындағы келісімдерді жүзеге асыру тақырыбында табанды екендерін атап «Бірлескен қадамдармен Құдай қаласа Қырғызстанмен бір миллиард долларлық сауда көлеміне тезірек қол жеткізетінімізге кәміл сенемін» деді.

Көрмеге дипломатиялық қызмет өкілдері мен көптеген қонақ қатысты.



Ұқсас жаңалықтар