Бірлескен жаттығу жалғасып жатыр

Түрік және Әзербайжан әскерлері әскери қабілеттерін жетілдіріп жатыр.

1668717
Бірлескен жаттығу жалғасып жатыр

Түрік және Әзербайжан қарулы күштерінің «Мұстафа Кемал Ататүрік 2021» бірлескен жаттығуы жалғасып жатыр.

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі хабарлама жариялап,  екі ел армиясының әскери қозғалыс барысында үйлесімділік, қолбасшылардың шешім беру және басқару қабілеттерін жетілдіру үшін жаттығу жүргізгенін білдірді.

Жасақтар миналы қорғаныс желілерінен өтіп, «жауға» қарсы шабуыл жасады.

«Мұстафа Кемал Ататүрік 2021» деп аталған жаттығуға 600 әскер, 40 шақты танк пен сауытты көлік, жиырмаға тарта зеңбірек, жеті тікұшақ пен елу көлік қатысуда.



Ұқсас жаңалықтар