Фуат Октай Самарқанд қаласын аралады

Вице-президент Фуат Октай Өзбекстан сапары аясында тарихи Самарқанд қаласына барды.

1666904
Фуат Октай Самарқанд қаласын аралады

Вице-президент Фуат Октай Өзбекстанның бас қаласы Ташкенттегі байланыстарының артынан тарихи Самарқанд қаласына барды.

Сапары барысында Октайды Өзбекстан премьер-министрінің орынбасары Сердар Умурзаков және оның делегациясы ертіп жүрді.

Ұлықбек обсерваториясы мен мұражайын аралап шыққан Октай Шах-и Зинда (тірі патша) кешеніне барды.

Октай кейін Имам Бухаридің кесенесі орналасқан қасиетті жердегі жалғасып жатқан құрылыс жұмыстары туралы мағлұмат алды.

«Жібек Жолы» атындағы халықаралық туризм Университетінің шақыруымен білім ордасына барған Октай университеттің мұражайын аралады, онда Жібек жолы бойындағы әртүрлі мәдениеттердің дәстүрлі киімдерімен танысты.

Гур-и Әмірдің (Әмір Темірдің) қабіріне барған Октай Регистан алаңындағы Тиллакари мен Ұлықбек медреселерін тамашалап, Бұхараға өтті.



Ұқсас жаңалықтар