Анкарада 30 жылдыққа арналған концерт

Түркітілдес мемлекеттер тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған концерт болып өтті.

1666261
Анкарада 30 жылдыққа арналған концерт

Анкарада түркітілдес мемлекеттер тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған концерт болып өтті.

Түркияның бас қаласы Анкарада Президенттік симфониялық оркестр залында Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркіменстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Түркі әлемінің халық әндері" атты концерттік бағдарлама өтті. Аталмыш іс-шараны  Халықаралық түрік мәдениет ұйымы Түріксой және ТР Мәдениет және туризм министрлігі ұйымдастырды. Концерттің өткізілуіне бауырлас елдер Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркіменстан мәдениет министрліктері қолдау көрсетті.

Мерекелік концертке Түріксой Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, ТР Мәдениет және туризм министрінің орынбасары Өзгүл Өзкан Явуз, Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы, Қырғыз Республикасының Түркия Республикасындағы Елшісі Кубанычбек Өмірәлиев, Өзбекстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшісі Әлішер Ағзамходжаев пен бірқатар құрметті қонақ қатысты.

Концерттік бағдарламаның бетін ашқан Дүйсен Қасейінов Түріксой-дың қызметі мен жобалары туралы ауқымды ақпарат берді.

Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрінің орынбасары Явуз түркітілдес елдерді Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтады.

Концерттік бағдарламада Әзербайжаннан Агаверди Пашаев, Қазақстаннан Әбілай Тілепберген, Қырғызстаннан Ирина Суеркулова, Рысбек Жұмакунов, Өзбекстаннан Фируза Абдурахимова, Түрікменстаннан Гуванчмұхаммед Сапаралиев және Түркиядан Джем Гурдал жеке өнер көрсетті.

Концерт Халықаралық түрік мәдениет ұйымы Түріксойдың әлеуметтік желідегі есептерінен тікелей жарияланды.



Ұқсас жаңалықтар