Түркиядан Түркістанға медицина көпірі

Түркиядан  төрт профессор Түркістанға барып, өз тәжірибелерін бөліседі.

1654792
Түркиядан Түркістанға медицина көпірі

Қазақстан мен Түркия арасында медицина секторында да байланыс арта түседі. Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті «Ана мекеннен ата жұртқа медицина көпірі» атты жобаны іске қосады.

Жоба аясында Түркиядан түрлі салада төрт профессор Түркістанға барып, өз тәжірибелерін бөліседі. Түркияның медицина профессорлары Түркістанда екі апта оқу семинарын өткізеді, емдеу орындарында кеңесші ретінде қызмет атқарады.

Қожа Ахмет Яссауи Университеті Медицина факультетінде сабақ беретін түрік дәрігерлер бағдарлама шеңберінде хирургиялық оталарға да қатысады.



Ұқсас жаңалықтар