Шентоп Қырғызстан президентімен кездесті

Төраға Шентоп бауырлас қырғыз халқының 80 пайыздық қолдауымен президент болып сайланған Жапоровты өзі және ТҰҰМ мүшелері атынан құттықтады.

1655585
Шентоп Қырғызстан президентімен кездесті

ТҰҰМ төрағасы Мұстафа Шентоп Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен Мәжілісте бас қосты.

Жапаров пен қасындағы делегацияны күтіп алғанына риза екенін айтқан Шентоп бауырлас қырғыз халқының 80 пайыздық қолдауымен президент болып сайланған Жапоровты өзі және ТҰҰМ мүшелері атынан құттықтады.

Шентоп Қырғызстанда 11 сәуірде өткен атазаңға өзгерістер енгізуге дауыс беруде халықтың талғамына ие болған Республикалық Үкімет жүйесінің және 5 мамырда міндетке бастаған жаңа кабинеттің қайырлы болуын тіледі.

Шентоп ТҰҰМ төрағалары мен Қырғыз Республикасы Мәжілісі төрағаларының әрқашан жақын және шынайы қарым-қатынастар жасағанын, екі жақтылы және көп жақтылы мәселелерде пайдалы кеңестер құрғанын тілге тиек етті.

Жаңа типті коронавирус індетінің әсеріне қарамай екі жақтылы сауда мөлшері азаймағанын айтқан Шентоп Түркияның бауырлас Қырғызстанның әлеуметтік және экономикалық жақтан өркендеуіне қолдауын, білім беру, мәдениет және денсаулық сақтау салаларындағы ынтымақтастықты жалғастыратынын біл дірді.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров та тарихи, мәдени тәуелділікке құрылған екі ел арасындағы қарым-қатынастардың тек бауырластық негізде ғана қалмай, стратегиялық өреге жеткенін айтты.



Ұқсас жаңалықтар