Халықаралық 1-ші Ыстық көл форумы өтті

Президент Ердоған мен Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Бештепеде Шыңғыс Айтматов Халықаралық 1-ші Ыстық көл форумына қатысты.

1655569
Халықаралық 1-ші Ыстық көл форумы өтті

Президент Режеп Тайып Ердоған:

"Географиямызды мәңгүрттерден құтқарғанымызда ғана болашағымызға сеніммен қарай аламыз" деді.

Президент Ердоған мен Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Бештепе Ұлттық Конгресс және Мәдениет орталығында ұйымдастырылған Шыңғыс Айтматов Халықаралық 1-ші Ыстық көл форумының жабылу бағдарламасына қатысты.

Ердоған форумдағы сөзінде текті тарихы бар қырғыздардың әлем әдебиетіне екі керемет еңбек ұсынғанын білдіріп:

"Мұның бірі әлемдегі ең ұзын дастан болған Манас дастаны мен оның кейіпкері Манас. Екінші мұрасы Шыңғыс Айтматов. Марқұм Шыңғыс Айтматов еңбектерімен әлем әдебиетінде маңызды орын иелеумен бірге, басқа бір еңбегімен де қырғыздардың бүгінгі ұлттық батырына айналды. Айтматовты күллі әлемнің, әсіресе біздің ортақ құндылығымыз деп қабылдаймыз" деді.

Ердоған көп салалы ой-пікір, әдебиет және дипломатия қайраткері Айтматовтың әлем әдебиетіне және саяси тарихқа сыйлаған басты еңбегінің бірі "Мәңгүрттік" түсінігі екенін білдірді.

Ердоған:

"Адамның өзіне, отбасына, қоғамға, ұлтына, тарихына, мәдениетіне, қысқасы, бұрын ие болған және тәуелді барлық нәрседен бет бұруы, тіпті жауласуы мағынасына келетін "Мәңгүрттік" негізінде құлдық деген мағынаны білдіреді. Ұмытылмас еңбегі "Ғасырдан да ұзақ күн" деген романында қолданған "Мәңгүрт" түсінігі мен оны баяндаған оқиғасын біз де орайы келгенде еске алып, қолданудамыз. Географиямызды мәңгүрттерден құтқарғанымызда ғана болашағымызға үмітпен қарай алатынымызға, нысаналарымызға жылдам  жететінімізге сенімім кәміл" деп көрсетті. 



Ұқсас жаңалықтар