Әзербайжан әскерлері емделу үшін Түркияға келді

Әзербайжандық дәрігерлердің ұсынысымен 6 әскердің емдеу және оңалту үшін Түркияға әкелінгені білдірілді.

1654159
Әзербайжан әскерлері емделу үшін Түркияға келді

Қарабах соғысында жараланған әзербайжандық 6 әскер емделу үшін Түркияға әкелінді.

Шейіт отбасылар мен ардагерлердің қиыншылықтарын шешу үшін Әзербайжан елі құрған "Жасат қорынан" жасалған мәлімдемеде әзербайжандық дәрігерлердің ұсынысымен 6 әскердің емдеу және оңалту үшін Түркияға әкелінгені білдірілді.

Мәлімдемеде "Жасат қорының" қажет болса бұдан кейін де ауыр жаралы әскерлерді шетелдерге емдеуге жолдайтыны хабарланды. 

"Жасат қоры"   осының алдында 100 жаралы әскерді емдеу үшін Түркияға жолдаған болатын. 

Ардагерлерден 37 кісі емделіп, жазылып, Әзербайжанға қайтқан. 



Ұқсас жаңалықтар