Түркия-Әзербайжан әскери келіссөз жиналысы басталды

Түркия-Әзербайжан жоғары деңгейдегі 13-ші әскери келіссөз жиналысы Әзербайжанның бас қаласы Бакуде басталды.

1650899
Түркия-Әзербайжан әскери келіссөз жиналысы басталды

Түркия-Әзербайжан жоғары деңгейдегі 13-ші әскери келіссөз жиналысы Әзербайжанның бас қаласы Бакуде басталды.

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі жасаған мәлімдемеге қарағанда, Әзербайжан Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Керим Велиев пен Түркия Бас штаб басқармасы төрағасының екінші орынбасары генерал-лейтенант Селчук Байрактароғлу бастаған делегациялар бас қосты.

Жиналыста Әзербайжан мен Түркия арасындағы қауіпсіздік, әскери, әскери-техникалық, әскери медициналық, әскери білім беру, әскери өнеркәсіп және басқа салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы, әскери және қорғаныс салаларындағы даму перспективалары мен негізгі қызмет салалары талқыланады.



Ұқсас жаңалықтар