Түркия-Әзербайжан әскери келіссөз жиналысы Бакуде өтеді

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі әскери келіссөз жиналысының 3 маусым күні Бакуде өтетінін мәлімдеді.

1648978
Түркия-Әзербайжан әскери келіссөз жиналысы Бакуде өтеді

Түркия-Әзербайжан жоғары деңгейдегі 13-ші әскери келіссөз жиналысы 3 маусым күні Әзербайжанның бас қаласы Бакуде басталады.

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі жасаған мәлімдемеде Әзербайжан мен Түркия арасындағы қауіпсіздік, әскери-техникалық, медициналық, әскери оқу-жаттығу, әскери өнеркәсіп және көптеген салада екіжақты ынтымақтастық шараларының талқыланатыны білдірілді.

Мәлімдемеде 3 маусым күні өтетін 13-ші Әзербайжан-Түркия жоғары деңгейдегі әскери келіссөз жиналысында екі елдің лауазымдыларының әскери және қорғаныс салаларында даму перспективалары мен негізгі қызмет салаларын да анықтайтыны атап өтілді.



Ұқсас жаңалықтар