Жапаров шекарада оқиға туылған аймаққа барды

Садыр Жапаров "Головной" су тарату қоймасы мен қауіпсіздікке жауапты Бужум әскери жасақтар базасына барды және әскерлерге үн қатты.

1635603
Жапаров шекарада оқиға туылған аймаққа барды

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров өткен апта Қырғызстан мен Тәжікстан арасында қақтығысқа себеп болған "Головной" су тарату қоймасының және осы су қоймасының қауіпсіздігіне жауапты әскери жасақ тұрған базаның замандас өреге көтерілетінін айтты.

Жапаров "Головной" су тарату қоймасы мен қауіпсіздікке жауапты Бужум әскери жасақтар базасына барды және әскерлерге үн қатты. 

Жапаров елдің қарулы күштеріне бағытталған барлық жауапкерліктерді орындайтындарын және мәселелерді шешуге мән беретіндерін білдірді.

Сапардан кейін Жапаров қатысты мемлекеттік органдарға су тарату базасын жаңалауға бұйрық берді.

Қырғызтан мен Тәжікстан шекарасында 27 сәуірде шыққан қақтығыста Қырғызстан тарапынан 36 кісі қаза тапқан, 183 кісі жараланған болатын.

Тәжікстан тарапынан 9-ы әскер 19 кісі қаза тапқан, 88 кісі жараланған.

Екі көрші арасындағы қақтығыс 1 мамырда келісім жолымен аяқталды. 



Ұқсас жаңалықтар