Түрік компаниялары рекорд жаңартты

Елде түрік компаниялары осы жылдың соңына дейін тағы 10 инвестициялық жобаны жүзеге асырады.

1635657
Түрік компаниялары рекорд жаңартты

Өткен жылы коронавирус эпидемиясына қарамастан, түрік компаниялары Қазақстанға 362,4 миллион доллар инвестициялады.

Елде түрік компаниялары осы жылдың соңына дейін тағы 10 инвестициялық жобаны жүзеге асырады.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі «Қазақстан мен Түркияның инвестициялық ынтымақтастығындағы жаңа тарихи кезең» атты есеп жариялады.

Есепке сәйкес, 2020 жылы Түркиядан Қазақстанға салынған инвестициялар рекордты жаңартты.

2020 жылы әлемдегі тікелей инвестиция көлемі Ковид-19 эпидемиясының салдарынан 42 пайызға азайғанымен, түрік компанияларының Қазақстанға салған инвестициялары рекордтық деңгейге жетті.

Түрік компаниялары эпидемияға қарамастан өткен жылы Қазақстанға 362,4 миллион доллар инвестиция құйды және елдегі соңғы 30 жылдағы рекордты жаңартты.

Жыл соңына дейін тағы 10 инвестициялық жоба жүзеге асырылатын Қазақстанда 2023 жылы түрік капиталымен жобалар санын екі есеге арттыру көзделген.

Түркияның тәуелсіздік алғаннан бергі Қазақстанға ең көп инвестиция салуы 2007 жылы 347,6 миллион доллармен және 2019 жылы 357,8 миллион доллармен тіркелген болатын.

Аталмыш кезеңде елдің көптеген аймақтарында, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында түрік капиталымен жалпы құны 190 миллион доллар болатын 8 жоба пайдалануға берілді.



Ұқсас жаңалықтар