Мұстафа Шентоп Алтынбек Мамаюсуповты қабылдады

Алтынбек Мамаюсупов: "Әзербайжанның территориясын қайтарып алуында Түркияның қолдауы өте маңызды болды" деді.

1633228
Мұстафа Шентоп Алтынбек Мамаюсуповты қабылдады

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Мұстафа Шентоп Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы мәселелердің шешімі үшін мықты қадам басылуын тілейтінін айтты.

Мұстафа Шентоп Түркі тілдес елдер Парламенттік Ассамблеясы кеңесінің (ТүрікПа) Бас хатшысы Алтынбек Мамаюсуповты қабылдады.

Қазақстанның Түркістан аймағында мамыр мен маусым арасында кезекті жиналыс өтетінін айтқан Шентоп:

"ТүрікПа ұйымына мүше елдер Қырғызстан мен Тәжікстан арасында соңғы кезде кірбеңдік туылды. Екі тарап арасында атысты тоқтату келісімі жасалды. Мұның түбегейлі болуын тілеймін. Қырғызстан мен Тәжікстан дос және бауырлас елдер.  Мәселенің толық шешімін табуын күтеміз. Түркия осы тақырыпта қолынан келген жәрдемді жасайды" деп көрсетті. 

Түркияның ТүрікПа ұйымына мүше елдердің ынтымақтастығын қамдауға есе қосқанын айтқан Алтынбек Мамаюсупов:

"Түркияның осы ролі соңғы кезде ықпалды болды. Бұған Әзербайжандағы жағдайлар куә. Әзербайжанның территориясын қайтарып алуында Түркияның қолдауы өте маңызды болды" деді. 



Ұқсас жаңалықтар