Жапаров азаматтарды үйлеріне қайтуға шақырды

Лауазым иелері аймақта жағдайдың бақылауға алынғанын білдірді.

1632638
Жапаров азаматтарды үйлеріне қайтуға шақырды

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қырғыз-тәжік шекарасында болған қақтығыстарға байланысты үйлерін тастап шыққан 27 мыңнан астам азаматты үйлеріне қайтуға шақырды. Жапаров Қырғызстан мен Тәжікстан арасында 1 мамыр күні жасалған бітімнен кейін халыққа үн қатты. Ол үйлерін тастап шыққан азаматтарға «Әрбір отбасына баспанасына қайтуға шақырамын. Арандатушылыққа көнбеңдер» деді.

Президент оқиғалар барысында зиян шеккен және өртенген үйлерді мемлекеттің жөндейтінін айтып, уәде берді.

Лауазым иелері аймақта жағдайдың бақылауға алынғанын білдірді.

Шекарада 28 сәуір күні болған оқиғаларда 49 адам қаза тауып, 260-тан астам адам жарақат алған болатын.



Ұқсас жаңалықтар